ІЛИЯСОВА Р.
Далам тұнған шежіре. – Алматы: «Зерде», 2007. – 232 бет.
Өлкетанушы маман Р.Ілиясова бұл еңбегінде өзінің ұзақ жылдар бедерінде жинақтаған мәліметтерін жүйелеп, оқырман  назарына ұсынады. Еңбекте Ақтөбе өңіріндегі жер, ел атауларына қатысты ел аузындағы әңгімелер мен деректі мағлұматтар келтіріледі. Сонымен қатар Ақтөбе жерінде ғұмыр кешкен даналар мен діндарлар, батырлар мен бақсылар, зергер мен ұсталар, өнер қайраткерлері, сондай-ақ елі үшін еңбек еткен ерлер туралы өнегелі сөз қозғалады.
Кітап көпшілік оқырман қауымға, өлкетанушылар мен зерттеушілерге арналады.







ІЛИЯСОВА Р.
ҚАЗЫНА. – Алматы: «Зерде», 2001. – 312 бет.

Бұл кітап Ақтөбе облыстық музейінде жинақталған материалдар негізінде жазылған. Сондықтан да мұнда өлкенің өткен тарихына қатысты бай мағлұматтар мен деректер бар. Көне ескерткіштер мен мұраларға қатысты аңыз әңгімелер қызықты оқылады. Руханият пен мәдениеттің жанашырлары туралы да тағылымды ойлар мен пікірлер айтылған.

Кітап көпшілік қауымға және музейдің болмысы мен тарихына қызығатын оқырманға, зерттеушілерге арналған. 

Комментариев нет:

Отправить комментарий