Өлке тарихы

 Аудан тарихы

1936 жылы құрылған Қарабұтақ ауданы 1966 жылға дейін облысымыздың шығысындағы үлкен аудан болып саналады. Алайда, ел аяғына тұрып жатқан заманда қазақ ССР-і  жоғарғы советінде әкімшілік территориялық құрылымдарға бөлу әлі де жүріп жатыр еді. Бәлкім, шаруашылықтардың өз арнасына түсуіне жасалған ықпал ма екен, әйтеуір 1966 жылы қазақ ССР-і құрамында 14 аудан құру жөніндегі шешім қабылданды.
Дәлірек айтсақ, 1966 жылдың 31 қаңтарында қазақ ССР-і Жоғарғы Советі Президиумның Төрағасы С.Ниязбековтың қолымен бекітілген Жарлық шығады. Сол кезде Ақтөбе облысы бойынша Комсомол, Ленин Мұғалжар аудандарын құру туралы шешім қабылданған.
Бөгеткөл селосын Комсомол ауданының орталығы етіп, бұған 8 селолық Кеңестерді қосады. Атап айтсақ, Жамбыл, Жаңадәуір, Қызылжар, Құмқұдық, Псков, Талдысай, Тереңсай және Ұшқатты селолық Кеңестері болып белгіленді. Жарлықта аталмыш елді мекендер Қарабұтақ ауданынан алынсын деп көрсетілген.
Сол кездегі берілген мәліметтерге сүйенсек, аумағы 870 мың га, ауыл шаруашылығына  жарамды жерлері 819 мың га болды.
Егінді аудан ретінде қалыптасқан шаруашылық «Восточный», «Псков», «Северный», «Урожайный», «Щербаковский», «Ярославский» және ХХІІ Пратсьезд атындағы тың совхоздары біріктірілген.
Мұрағат құжаттары жаңа ауданның басшылығын тағайындау жөнінде 1966 жылдың 10 ақпанындағы Комсомол аудандық партия комитетінің ұйымдастыру пленумы отырысының №1 хаттамасы толтырылған.
Отырысқа облыстық партия комитетінің екінші хатшысы И.К.Дженалаев пен нұсқаушы М.Я,Рудаков келіп қатысқан.
Жиынның негізінде күн тәртібінде комитет секретарлары мен бюро мүшелерін сайлау мәселесі тұрды.
Пленум отырысында Қазақстан КП аудандық комитетінің мүшелері А.П.Абрамов, Б.Әбішев, У.Айтмамбетов, \м.Бисеналин, Д.Л.Борзых, Х.Бөртебаев, П.С.Бурцев, В.М.Ганянский, И.Н.Гриненко, П.Н.Тусев, В.Н.Дука, И.А.Дунаев, К.Еламанов, И.А.Ефремов, У.Жұмағұлов, В.И.Зинченко, У.Калиев, Б.Карабаев, Г.Ф.Китов, П.И.Клименко, В.В.Ковалев, А.А.Костылев, А.Телибеков, Т.Тұрлыбеков, А.Узденбаев, Н.А.Матюхов, Н.Д.Писич, Н.П.Черепанов және тағы да көптеген азаматтар қатысқан болатын.


Сол жылдары аудандық партия комитетіне кандидаттар арасында З.Ш.Битжанов, С.Күнтуғанов, Ж.Мыңжасаров, К.Тажин секілді жерлестеріміздің болғанын атап өту керек.
Сонымен Комсомол ауданының құрылғанын кейінгі алғашқы жиыны аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы етіп Алексей Трофимович Маркеевичті сайлайды. Әрі бюро мүшесі, екінші хатшы және хатшы болып Николай Смоленков пен Хасен Бөртебаевтар сайланды. Бюро мүшелігіне Д.Л.Борзых, И.А.Дунаев, А.Узденбаев және Н.Д.Писич алынады. Осы жиын шешімімен «Шежірелі өңір» кітабының авторы Қ.Еламанов ағамыз үлгі-насихат бөлімінің меңгерушілігіне тағайындалған екен. Арада 31 жыл өткен соң 1997 жылдың 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Бөгеткөл ауданы жабылып, Әйтеке би есімін иеленді де, көршілес Қарабұтақ ауданы (ол кезде Әйтеке би) таратылып Комсомол селосы орталығы болып белгіленді. Міне, осы кезеңнен ірілендірілген ауданның жаңа тарихы басталады.
«Шежірелі өңір» кітабында мұрағат анықтамасы бойынша 1966-1991 жылдары аралығында аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығында болғандар тізімі де жарық көрген.
Оқырман қауымға мұны да таныстыра өткен жөн болады. Сонымен, 1966-70 ж.ж – Маркеевич Алексей  Трофимович, 1970 жылдың маусымы және 1982 жылға дейін Олешко Петр Терентьевич, 1982 жылдың наурызына дейін Чемоданов Федор Евгеньевич, 1985-1990 жылдары Леммле Вальтер Райнгольдович ал 1991 және 1992 жылдың қаңтарына дейін Есенбаев Есімхан мырзалар басшылық қызмет атқарған. Осыған қарағанда, Комсомол ауданы құрылғаннан кейін партия басшысы тізімін алғаш ұстаған қазақ – Есімхан Қалмағанбетұлы болып саналады.

Бұған қоса 1966-2002 жылдары аудандық Совет атқару комитеті төрағалығы мен әкімдері болғандар туралы да мәліметтер бар. Олар Д.Л.Борзых, Н.П.Смоленков, Ф.Е.Чемоданов,, Ж.Қ.Қалымов, А.Н.Нұрмұханов, А.Қ.Сейілханов, М.Ғабилуллин және 2002 жылдың желтоқсанынан бастап Е.Қ.Есенбаев мырзалар.
Ақтөбе обылысынң шығысында орналасқан Комсомол, Қарабұтақ, Ырғыз аудандары 1936 жылдан бастап осындай әкімшілік-территориялық өзгерістерге ұшыраған. Әйтсе де, үш ауданның бойын Ырғыз өзені көктей өткендіктен, төскейде малы, төсекте басы қосылған халықтың тағдырлас болуын тарих осылай дәлелдейді.
Ел арасындағы ауызекі әңгімелерде анау рудың, мынау рудың жері деп жиі айтылып жүреді. Ол туралы мәліметтер Ә.Қойлыбаевтың «Бабамнан қалған байтағым» кітабында көптеп кездеседі. Қалай десеңіз де, тарих тегермеші айналып келіп, аудандар шежіресін бір жерге әкеліп топтастыра береді.
Комсомол ауданы тың өлкесінің орталығы болған. Отан қоймасына миллиардтап астық тапсырған, егіншілік кәсіптің мектебіне айналған кездері өз алдына бөлек әңгіме. Бүгінде темір жол салынып, республикалық маңызға ие болған автокөлік жолдары Қазақстан Республикасы инфрақұрылымында қомақты роль атқаруда.

Сәнді үйлер, әсем көшелерді түзейтін Комсомол селосы жаңа ғасырда, жаңаша сипатқа ие болып отыр. Демек, ел тарихының жаңа парақтары ашылды.   


Комментариев нет:

Отправить комментарий